«Бірнеше ай бұрын Өзбекстаннан хабарлама келіп түсті. Өзбек құқық қорғау органдары заңсыз түрде шетелге адам саудалаумен айналысатын әйелге қатысты іздеу жариялаған болатын. Аталған әйел Атыраудан табылды. Белгілі болғандай, соңғы 2,5 жыл бойы ол Өзбекстан азаматшаларын Қазақстанға жезөкшелікпен айналысуға жіберіп отырған», - деп хабарлады өңірдің ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова.
Күдікті әйел Атырау қаласының ІІБ уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Оны Өзбекстанға экстрадициялау үшін құжаттар әзірленуде.