Адам жаратылысы философиясы

Тәніміз біздің көзімізге көрініп, бізді адамдық тұлға етіп тұрған денеміз. Дене- бізді көрер көзге адамдық тұлға етіп басқа жаратылыстардан өзгеше етіп тұрған мүсініміз. Дене арқылы біз адам болып таныламыз. Әр жаратылыс әр түрлі мүсінге ие. Тіршілік иесіне бекітілген физикалық бөлік.

Сана бұл ақылымыздың көрсеткіші. Туғаннан бергі , өскен ортаң, жанұяң арқылы қалыптасатын ментальды бөлігіміз. Адамзат сана арқылы өзіне қажеттілікті жасайды, сананың сұранысына қарай сөйлейді, ойланады, қимыл әрекет етеді.

Жан. Жан дегеніміз не? Оның бұл өмірге келгендегі міндетті не? Жан қалауы не? Жан тіршілік атаулының барлығында бар. Ал адамзатқа берілген жан жаратушымыз да оны ерекше ықыласпен жаратса керек.

Бұл туралы ойды дана, ғұлама, ұлы ойшыл Абай Құнанбаев өзінің жетінші қара сөзінде де айтып кеткен. Біз айтқандай ұлы ойшыл сана олай қолданбаса да тән құмарлығы арқылы көрсетеді. «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен»деген. Жан құмарлығын қанағаттандырып жүрміз. Абайдың сөзін, ойын Шәкірім оймен сабақтастырып көрейік.

Жалпы кез келген үдерісте, немесе себеп пен салдар арасында корелляция болады. Ол байланыс тура, немесе кері болуы мүмкін. Мысалы ғылымның дамуы, адамзат өркениетіне материалдық жетістіктер мен рухани игіліктер алып келуі қажет. Ғылымның дамуымен адамзаттың материалдық жетістіктерінің күн санап өсіп келе жатқанын көзіміз көріп отыр. Әсіресе, қазіргі кезде цифрландыру мен интернет технологияларының дамуы адам өміріне орасан зор мүмкіндіктер алып келуде. Бұл жерде ғылымның дамуы себеп болса, салдары материалдық мүмкіндіктерінің арасындағы кореляцияның тура байланыста екені айтпаса да түсінікті.

Ал енді педагогика, психология, медицина, юриспруденция және философия ғылымдарының даму кореляциясына қарасақ, керісінше, кері байланысты байқаймыз. Қазақстандағы ең көп ғалымдар педагогтар, сәйкесінше ең көп ғылыми еңбектер мен әдістемелік нұсқаулықтардың ең көбі де осы педагогика саласында. Ал нәтиже қандай? Оны оқырманның өзі сараптауына қалдырайық. Сол сияқты психолоигия мен медициннаға қарасаң кері корелляцияны байқайсың. Жыл өткен сайын адамдардың психикалық хал-ахуалы мен денсаулықтары артудың орнына, жүйкесінде ақауы жоқ, дені сау адамдарды кездестірудің өзі қиын. Кезінде түрме деген атымен болмаған қазақтың даласына қазір түрме аздық етіп, жаңа түрмелер салу үшін қазына қоржынынан миллардтаған қаржы қарастырылып жатқаны жанға батады.

Бес ғылымдағы парадокстың шешімі Шәкәрімнің «Ар ілімінде» тұрғаны туралы айтылған еді ол мақалада.


Ғылымсыз адам – айуан,

Не қылсаң да ғылым біл.

Ғылымға да керек жан,

Ақылсыз болса, ғылым – тұл.

Сол бес ғылымның сырты – формасы, қауашығы бар да ішкі руханияты – жаны жоқ. Бұл бес ғылымның зерттеу нысаны адам болғаннан соң, адамды тек саналы жануар деп қана қарастыру – ғылымды тығырыққа тірейді. Шын мәнісінде адам тек саналы жануар homosapiens қана емес, сонымен қатар рухани жаратылыс иесі – рухани тұлға екенін де ұмытпауымыз керек.

Дін айтты маған нан дейді,

Адасқан дінді пән дейді.

Мағынасын анық ұға алмай,

Рух деген сөзді жан дейді,

Осыдан жаман әуре жоқ, -дейді Шәкәрім қажы.

Өркениетке жетелейтін тура жолдың бірі саналатын дін, адамзаттың санасын улайтын, алапат апат алып келетін күшке айналды. Бір әке бір шешеден туған бауырлар бір дастарқанда отырып бас қоса алмайтын жағдайға жетті. Өркениетке жетелейтін екінші тура жол саналатын ғылым да шамшырақ болудан қалды. Ел мүддесін ойлайтын ғалымдар жеке қара басының қамынан аса алмайтын залыдмарға айналғанын да көзіміз көріп отыр. Сонда өркениеттің көрсеткіші, ақиқаттың бағдаршамы не болмақ?

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. А. Ж. Машанов. Ай арысы. – Алматы:

2. А. Ж. Машанов. Абай және Әл-Фараби. - Алматы: «Қазақстан» баспасы, 1994, 192 б..

3. Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы. 2 Том. – Алматы: «Жазушы» баспасы, 2013, 335 б..

Авторлар:

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті – Жанатаев Данат Жанатайұлы

Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ 1-курс магистранты, 138- гимназия мұғалімі: Бекмырза Қарлығаш

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1-курс магистратранты: Қалымбет Мереке