Астанада өткен брифингте журналистер Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтен аударымдар мониторингі жарияланғаннан кейін банктердегі аударымдар саны қаншаға азайғанын сұрады.
"Қаңтарда бұл төлемдер шамамен 30 пайызға төмендеді. ...Адамдар қолма-қол ақша алуға кірісті. МКК тарапынан түсініктемелер мен кеңестер ұсынылғаннан кейін, менің ойымша, бұл жағдай тынышталды және болашақта да тынышталады. Өйткені ондай қорқынышты ештеңе жоқ. Қолма-қол ақшасыз төлемдер деңгейі қалпына келеді деп үміттенеміз", - деді Тимур Сүлейменов.
Ол мобильді аударымдарды тексеру Ұлттық банк қызметіне кірмейтінін атап өтті.