Адамдар шошынып қалды: әйел адам көпшіліктің көзінше аяғынан айырылды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengritravel.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 29 маусым Бангкок әуежайында болған. Мәлімет бойынша, 57 жастағы турист Бангкоктағы Дон Муанг әуежайында таңғы рейспен Накхонситхаммарат аймағына ұшу керек болған.

Оқиға болған сәтте әйел адам 4 пен 5-терминал арасында траволатормен кетіп бара жатқан. Әйел адам құлап түскеннен кейін оның аяғын механизмге тартып кетті де, жарақат алды. Әуежай өкілдерінің сөзінше, жарақаттың ауырлығы сонша дәрігерлер бригадасы ақыры оның сол аяғын тізеден жоғары апутациялауға мәжбүр болған.

Интернетте жарияланған кадрларда әйелдің сол аяғы траволатор біткен тұста белбеудің астына кетіп қалғанын көруге болады.