Евгений Мұхаметжанов бір апта бұрын қайтыс болған қызы Айша Мұхаметжанова жайлы жазба қалдырды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Қызынан бәр сәтте айырылған әке қолдау білдірген барша қазақстандықтарға алғыс білдірді.
"Осы күндері бізді шын жүректен қолдаған барша жандарға алғыс айтамын. Менің кішкентай періштем басқа әлемге аттанғанына бір апта болды. Миым бұл жағдайды әлі де қабылдай алар емес. Көңілімді жұмысқа бұруға тырысып жүрмін. Бірақ, өте қиын. Біз тергеу жұмыстары әділ өтетініне сенеміз. Осы резонанс оқиға арқылы басқа жағдайларды да егжей-тегжейлі зерттеуге болады. Полиция қызметкерлері жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілік екенін ескертті. Адамдар қаншама сұмдық және жағымсыз дүниелер жазып жатыр. Ал БАҚ құралдарының мұндай қадамға барғаны одан да жиіркенішті. Оны оқу өте ауыр",- деп жазды Евгений Мұхаметжанов өзінің Фейсбук парақшасында.
Айта кетейік, 16 қыркүйекте екі оқушы қыз шатырдан құлап көз жұмған болатын. Қос қыздың артында аниме, Құдай бір деген түсініксіз иреоглифтар, пышақ, буын босаңсытатын таблеткалар қалды деген ақпарат бар. Жалпы бір аптада Алматы қаласында төрт жасөспірім өзіне қол жұмсады. Қоғам белсенділері оларды суицидке итермелейтін қауіпті онлайн ойындардың барын айтып дабыл қағуда. Ал бала құқықтары жөніндегі уәкіл баланың өміріне қауіпті әдебиеттер мен мобильді қосымшалар тізімін жариялап, ата-аналарға мұқият болуға кеңес берді. Журналистер қауымы ата-аналарға балаларымен жиі сөйлесіп, бірге уақыт өткізудің маңызды екенін ескертті.