Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Түркістандық әйгілі боғауыз зауыш ұлжан елмұратова өз репертуарында. Адамдардың қанын ішуден рахат алады-ау... Бәлесінен аулақ деп кейінгі "историяларына" мүлде араласпаған едім...
Естеріңізде болар, 2021 жылы жазда "өз-өзіме қол жұмсауға итермеледі" деп менің үстімнен арыз жазған.
Қысқаша айтсам, менің "Из грязи в князи" деген постымнан кейін және өзін-өзі түсіріп жүрген видеоларынан кейін өлмекші болыпты. Қызы сонау жерде тұратын көрші нағашысын шақырып, ол ұлжанды құтқарып алыпты. Сол жерде әйгілі блогерлері пайда бола кетіпті...
Ал Балнұрға айтқан бір сөзі бар: "Балнұр, сен түсінсей, күйеуіммен ұрсысып қалған соң солай жасадым деп қалай айтамын? Сол үшін Сәуле мен Айгүл кінәлі деп жаздым.." деп әңгіме айтқан. Аудиосы болған. Табылса саламын.
Содан 5-6 ай тергеуде-тергеу болып, жүйке жұқарып, 2021 жылы 5 қарашада қылмыс құрамы болмағандықтан іс жабылған.
Енді сол істі 2 жылдан соң қайта көтеріп отыр екен.
Түркістан полициясына тергеуге шақырту келді.
Қолтығына су бүркіп отырғандар бар дейді...
Жақсы. Война - так война. Тек шындық ащы болады, соған дайын болыңдар", - деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.