Адамның іш құрылысын көзбен қарай алатын рентген-әйел былайғы дүниені өте нашар көреді

Емшінің аты-жөні – Динара Орынтайқызы. Өзінің айтуынша, ол дәрігерлер жазылмайды деп қайтарып жіберген талай жандарға шипасын дарытыпты, деп хабарлайды Caravan.kz.

«Мына көзім (сол – ред.) көрмейді, мынаусы (оң көзі – ред.) көреді (рентген сияқты – ред.). Ал жарық дүниені өте нашар көремін. Минус 11. Менің көзімде астигматизм, жоғары деңгейлі миопия бар. Бірақ адамның ішкі құрылысын 180 пайыз артық көре аламын» дейді рентген-әйел.