Биылғы конкурста 5 аталым бойынша жүлде тігіліп отыр. Барлық жұмыстар abai.kz сайтында жарияланып, ең үздік шығармалар оқырмандар берген дауыс арқылы сараланады. Әдеби шығармаларға дауыс беру маусымның 1-не дейін жалғасады. Байқау қортындысы бойынша жаңа есімдер анықталып, авторлар жылдың ең үздік поэзиясы, проза, драматургия, үздік балалар шығармасы және әдебиетке қосқан үлесі үшін марапатталмақ.