Іс-шара Музейдің «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасының аясында Қазақстан Республикасындағы Түркіменстан Елшілігімен бірлесе ұйымдастырылған.
Мақтымқұлы Пырағы - XVIII ғ. түркіменнің көрнекті ақыны және ойшылы. Жыл сайын 18 мамырда Түркіменстанда «Мақтымқұлы Пырағы поэзиясы, бірлік және жаңғыру күні» мемлекеттік мерекесі кеңінен аталып өтеді.
«Уақытқа тосқауыл бола алмассың...» әдеби кешінің қонақтары классик-ақынның түркімен, қазақ және орыс тіліндегі өлеңдері мен түркіменнің ұлттық музыкасын тамашалау мүмкіндігіне ие болады. Сондай-ақ, кеш бағдарламасында Түркіменстанның мәдени мұрасы туралы деректі фильм көрсетілімі мен Мақтымқұлы Пырағы шығармаларының қазақ тіліндегі аударма жинағы ұсынылады.
Мақтымқұлы шығармалары халықтың сүйіспеншілігіне ие, ол қалыптастырған жаңа поэтикалық тілінің арқасында жыраулар мен жыршылар оның өлеңдерін сақтап ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келеді. Оның өлеңі халық тіліне жақын, араб-парсы метрикасына емес, халықтық силлабикалық жүйеде құрастырылған. Сондықтан Мақтымқұлы шығармалары халыққа жатық, ал оның өлең жолдары мақал мен мәтелге айналған.
Мақтымқұлы шығармаларындағы көптеген идеялар мен ойқорытындылар лирикалық өлеңдер мен Бехишт-нама дидактикалық дастанының, сондай-ақ түркімен әдебиеті үшін бірегей Вагзи-Азад (1753-1754) өлеңдеріндегі трактаттың авторы болған өз әкесінің шығармаларынан алынған. Трактатта айтылған бақытты да әділетті мемлекетті құру жайындағы ойлары Мақтымқұлыда да жалғасын тапқан. Мақтымқұлы шығармаларының көпшілігі сақталмаған, ал осы күнге жеткені төрт жүзден астам (өлеңдері, аса ұзақ емес лирикалық және лиро-эпикалық дастандары). Оның шығармашылығы көптеген тақырыптар мен лирикалық поэзияның түрлерін қамтыды. Соның ішінде махаббат лирикасы үлкен орын алады. Бұл топтамадағы көптеген өлеңдер - махаббат-лирикалық поэзиясының үлгілері - оқырманды өзінің қайталанбастығымен баурап алады.
Ол негізінде өзінің шығармашылығымен түркімен әдебиеті тарихының жаңа парағын ашты. Поэтикалық дарынымен түркімен ұлтының терең қырларын бейнелей білді. Мақтымқұлы поэзиясы әдебиет мазмұнын жалпытүрікмендік патриотизммен, еркіндікпен, ізгілікпен байытты. Мақтымқұлы еңбегінің баға жетпестігі сол, оның шығармалары түрікменнің ауызекі тілінің бар байлығын, көркемдігін және нәзіктігін паш етуінде.