Қарашаның 2-сінде қол қойылған құжат ресми баспасөздің сейсенбідегі санында жарияланды.
Атап айтсақ, мемлекеттік сыйлық ақын Несіпбек Айтұлына «Арқа тірек» поэмалар жинағы үшін, Сәбит Досановқа «Жиырмасыншы ғасыр» атты роман-эпопеясы үшін, әнші Әлібек Дінішевке Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған концерттік бағдарламасы үшін, скрипкашы Гаухар Мырзабековаға бірнеше концерттік бағдарламасы үшін беріліп отыр.
Жарлық баспасөзде жарияланған күннен бастап күшіне енеді.