Әдебиет және өнер саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығына үміткерлердің тізімі жарияланды

Әдебиет секциясы бойынша
Жайлыбай Ғалым - ақын. «Тобылғыжарған» өлеңдер, толғау және поэмалар. Қазақстан Жазушылар одағы ұсынған.

Мұханбетқалиұлы Қажығали - жазушы. «Тар кезең» тарихи романы. Қазақстан Жазушылар одағы ұсынған.

Оралбаев Өтеген Оралбайұлы - ақын. «Қағбаның қарлығаштары» жыр жинағы. Астана қаласының әкімдігі ұсынған.

Салықбаева Гүлнар - ақын. «Кешіріңдер келгенімді өмірге» өлеңдер жинағы. «Президент және халық» республикалық қоғамдық-саяси газеті ұсынған.

Музыка, театр және кино секциясы бойынша
Дүйсекеев Кеңес - композитор. 2009-2013 жылдары жазылған шығармалары (12 ән). Қазақ ұлттық өнер университеті ұсынған.
Кесоглу Пантелей (Лаки) Константинович - әнші. «Песня душа моя» атты жеке концерті. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы ұсынған.

Қыдырбек Балнұр Балғабекқызы - композитор. «Реквием» вокалды-симфониялық шығарма. «Қазақстан композиторлар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі ұсынған.

Теменов Талғат Досымғалиұлы
 - режиссер. М.Әуезов «Ай-Қарагөз...» спектаклі (қоюшы-режиссер). Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының ұжымы ұсынған.

Бейнелеу өнері және сәулет секциясы бойынша

Досмағамбетов Дәурен Төлегенұлы - сәулетші. Қарағанды қаласындағы Қ.Сәтбаевқа ескерткіш. Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, Қарағанды суретшілер одағы, халықаралық Қ.И. Сәтбаев қоры ұсынған.

Авторлық ұжым: Есім Ахметжан Смағұлұлы, Әбілдә Төлеген Сыздықұлы, Рүстембеков Ақмырза Исаұлы, Ешкенов Ғазиз Ақзамұлы, Күлбаев Мұратбек - Алматы қаласының метрополитені. Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағы ұсынған.

Авторлық ұжым: Мырзахметов Асқар Исабекұлы, Әшірбаев Бақытжан Құдайбергенұлы, Рустамов Насир Ачилович, Шүменов Әмірхан Бекжанұлы, Бөкебаев Нұрлыжан Маратбекұлы - Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған тарихи-монументалдық саябақ кешені. Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағы ұсынған.