«Адем» сауда орталығында түтін шығып, адамдар қауіпсіз жерге шығарылды

Бұл туралы Алматы қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұханбетова хабарлады. 

Оның айтуынша, төтенше жағдай бүгін күндізгі сағат 12.00 кезінде болған.

«Сол арада бұл нысанға барлық өрт сөндірушілер топтары жіберілді. Өйткені, бұл орталыққа әдетте адамдар көп келеді.  Белгілі болғанындай сауда орнынан түтін шыққан. Бірақ ол өртке айналмады. Қазір, сауда орталығы штаттық режімде жұмыс істеп тұр», - деді С. Баймұханбетова.  

Естеріңізге сала кетелік, 2015 жылы сәуір айында осы «Адем» сауда орталығында ірі өрт болған болатын. Сол кезде тілсіз жаудың аумағы - 26 шаршы метрді құрады. 1600 жұмыс орны тауарлармен қоса өртеніп кеткен еді.