Әдепті аю ғаламтор жұлдызына айналды

Вашингтондағы қорықтардың бірін мекендейтін жануардың қылығын саяхатшылардың бірі бейнеге түсіріп алған. Жыртқыш аң ұлттық саябақ аумағында серуендеп келе жатқан туристерге жылы шырай танытып, қолын бұлғап амандасады. Онысымен қоймай, саяхатшылардың лақтырған нанын қағып алған аю ғаламтор пайдаланушыларының таңдайын қақтырған. Бейнежазбаны бірнеше күн ішінде 2 миллионға жуық адам тамашалап үлгерді, деп хабарлайды 
http://www.24.kz/kz
.