"Әділ сөз" қорының сайтына шабуыл жасалды

"24 қарашада Халықаралық сөз бостандығын қорғау жөніндегі "Әділ сөз" қорының сайтын бұзу дерегі анықталды. Сайттың құрылымы толық бұзылған. Құнды ақпарат жоғалған. Мәліметтер базасы бұзылды", -деп хабарлайды "Әділ сөз" қоры.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "жүйелік әкімші сайттың әкімшілік бөлігіне рұқсатсыз кіру дерегін тіркеген. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Ақпаратты қалпына келтіру және сайтты қорғауды жақсарту бағытында шаралар қолданылуда".