«Ұлттық команда барлық медаль нормативін орындады. С.Сәпиев бокстың жоғары деңгейін көрсетіп, Олимпиада «алтынын» ебегін сіңіріп ұтып алды. Ә.Ниязымбетов Мехонцевпен 15:15 болып, тең ойнаса да, аздап жолы болмады. Бұл жағдайда әрине төрешілер шешеді, олар қортындысында жеңісті ресейлікке берді. Дегенмен «күміс» те жаман емес - Олимпиададағы лайықты көрсеткіш. Әділбек жас және болашағы бар боксшы, ол өзін әлі көрсетеді», - деп атап өтті С.Әбдінәлиев.
«Иван Дычко туралы да осылай айтуға болады. Ол финалға шығуға жақын қалды, чемпион болуы да мүмкін еді, бірақ та ашығын айтсақ, оның да жолы болмады. Бұл жігіттің тегеуріні мықты, көп нәрсеге қол жеткізе алады», - деп түйіндеді С.Әбдінәлиев.
Басты сөздер: Олимпиада-2012