Әділет министрі ауыл әкімдерінің сайлауын кейінге шегере тұруды ұсынды

"Біз жергілікті өзін-өзі басқару органдарының институты туралы сөз қозғап, ауыл әкімдерінің тағдырын енді ғана шешіп жатқандықтан, ауыл әкімдерінің сайлауын 2005-жылғы тамызда өткізуге болмайды",- дейді З.Балиева. Осыған байланысты ол Ұлттық комиссиядан ауыл әкімдерінің сайлауын өткізу мерзімін кейінге шегеруді Елбасынан өтінуді сұрады.

З.Балиеваның пікірінше, жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңдардың жобасы бір уақытта қаралып, бірге қабылдануы тиіс.
"Біз бұл мәселеде әсіре абайлық танытуымыз қажет",- деп ескертті әділет министрі. "Жергілікті өзін-өзі басқару органы ауыл ішіндегі проблемаларды өзі біліп шешуге тиіс екені дау туғызбайды. Бірақ дегенмен денсаулық сақтау стандарттары, білім беру стандарттары сынды мәселелерді кім бақылайды? Сол себепті мемлекет тарапынан міндетті түрде бақылау болуға тиіс",- дейді З.Балиева. "Біз қандай функциялар мен қандай жер қойнауларын беру қажеттігін айқындап, салық салу мәселелерінің басын ашып алуымыз қажет",- деді ол.