Әділет министрлігі аралық соттардың қызметін жетілдіру тұжырымдамасын дайындауды жоспарлап отыр

"Жаңа экономикалық қарым-қатынастардың пайда болуы , аралық соттар мен халықаралық коммерциялық төреліктердің жұмыстарын жетілдіру, оның ішінде халықаралық коммерциялық төрелік ету саласында қазақстандық мамандардың іскерлігін арттыруды көздейтін тұжырымда әзірлеу қажеттігіне негіз болып отыр",-деді З.Бәлиева.

Әділет министрінің айтуынша, "мемлекеттің мүліктік мүддесін қорғау саласында Ұлыбритания сотының шешімімен Лондонның аралық сотының 2004 жылы Қазақстан Республикасынан "Металзруссия" компаниясының пайдасына $10 млн" көлемінде айыппұл өтеуі туралы шығарған шешімінің жойылуы өткен жылдың ең басты нәтижесі. Сонымен қатар, министрдің ақпараты бойынша, қазіргі кезде халықаралық соттардың қарауында жалпы құны 600 млн$. құрайтын бес іс бар.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті