"Қазір Әділет министрлігі "Тұрғылықты жерінде тіркелу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын жасауда", - деді А. Шпекбаев.
Оның айтуынша, аталған заң жобасында "азаматтарға бұрынғы тіркелген жерінен есеп пен тіркеуден шыққан сәтінен бастап үш айдың ішінде тұрғылықты жері бойынша тіркеуге тұру міндеттемесі қарастырылған".
Сондай-ақ, "үйде тұратындарды санитарлық нормаға сәйкес шектеу қарастырылған, ол халықтың ішкі көші-қоны процестерін ретке келтіруге мүмкіндік береді ".