Әділет министрлігі "Биометрия туралы" заң жобасын жасауды жоспарлауда

"Қылмыстық -атқару жүйесі комитеті "Биометрия туралы" заң жобасын жасауға бастама көтеріп отыр. "Биометрия туралы" заңның болуы секілді аса күрделі проблемаға назар аударатын мерзім жеткен секілді", - деді З.Балиева.

Ол осыдан бірнеше жыл бұрын "Дактилоскопия туралы" заң жобасының депутаттық корпус тарапынан қолдау таппағанын еске салды.

"Әр уақыттың өз қояр талабы бар. Қазір дүниежүзі жаңаша ережелерге сәйкес өмір сүруде, әрбір мемлекет лаңкестік және радикализм секілді көріністерден қорғануға талпынуда", - деп санайды министр.

"Көптеген мемлекеттер халықтың биометриялық мәліметтерін, атап айтқанда, көз қарашығы, саусақ іздері, бет-пішін, ДНК, қан тобы және басқа да параметрлерге қатысты мәліметтерді жинай бастады. Біз де осындай идеямен сіздердің алдарыңызға келмекшіміз", -деді З.Балиева.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті