Әділет министрлігі мемлекет қатысуымен жасалған азаматтық-құқықтық келісімдерді тіркеу механизмін жетілдіруді қажет деп санайды

"Мемлекетке ұсынылған қарызды бағалау мәселесі өзекті болып қалып отыр", - деп мәлімдеді Д. Құсдәулетов. Қарыз мәселесі жөніндегі үкімет жанындағы мекеме аралық комиссия жұмысын Әділет министрлігі жүргізіп отырғанын жеткізді.

"2007 жылы оның алдындағы жылдардағыдай, комиссия жұмысындағы негізгі проблема пайда болған шағымдардың тууына, атқарылуына және бақылануына, сондай-ақ, мемлекетке ұсынылған шағымдардың негізділігін дәлелдейтін заңдық, қаржылық және өзге де құжаттарға мүдделі органдардың тиісті қадағалау жасамауы болды", - деп атап көрсетті ол.

"Жалпы алғанда, мемлекеттің қатысуымен жасалған азаматтық-құқықтық келісімшарттарды тіркеу механизмін заңдық жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар жасау қажет", - деді вице-министр.