"Келесі жылы "Мемлекеттік активтер туралы" жиынтық заң жобасын әзірлеу жоспарлануда, онда мемлекеттік меншікті басқарудың негізгі принциптері, формалар мен әдістері реттелетін болады",- деді З. Балиева.
Атап айтқанда, министрдің айтуынша, заң жобасында "мемлекет меншігін иеліктен шығару тәртібі, активтер сатып алу тәртібі, олардың тиімді пайдаланылуын бақылау және есепке алу тәртібі" сияқты мәселелер көрініс табады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті