"2008 жылдың алғашқы ширегі аяқталғанша біз мемлекет пен оның меншігінің иммунитеті туралы БҰҰ Конвенциясы мен Еуропа Конвенциясына Қазақстанның қосылуына қатысты нормативтік-құқықтық актілер пакетін үкіметке енгізуді жоспарлап отырмыз", - деді Д. Құсдәулетов.
"Шетелде мемлекет пен оның меншігінің иммунитетін қорғау мәселесі соңғы кездері өзекті мәселеге айналып бара жатыр", - деп атап көрсетті вице-министр. Атап айтқанда, 2004 жылдың 16-желтоқсанында БҰҰ Бас ассамблеясы қабылдаған мемлекет пен оның меншігінің заңдық иммунитеті жөніндегі БҰҰ Конвенциясы шетел мемлекеті мен оның органдары биліктік өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде бір мемлекеттің сотында соттала алмайтын маңызды қағидасын бекіткен және сондай-ақ, коммерциялық мақсаттарда пайдаланылмайтын мемлекет меншігін қорғауды қамтамасыз етеді.
1972 жылы 16-мамырда қабылданған мемлекет иммунитеті туралы Еуропа Конвенциясы шетел мемлекетінің иммунитет қағидасын жария еткен және шетел мемлекеті өзге елдің сотының алдында иммунитетке сілтеме жасай алмайтын пункттерді бекіткен.