"Үстіміздегі жылдың аяғына дейін облыс қарамағындағы аудан орталықтары мен қалаларында 182 Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады",- деді Б. Әбішев.
Ол сондай-ақ, "желтоқсанның аяғына дейін "Самғау" холдингімен бірлесе отырып, Қазпошта желісі арқылы алыстағы ауылдарда "бір терезе" қағидасы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі эксперименттік жобаны жүзеге асыру жоспарлануда", деп атап өтті. "Қазпоштаның желісі көп тарамды, және де біз эксперимент жасау үшін Алматы облысының алыстағы бес-алты елді-мекендерін алғалы отырмыз",- деп нақтылады ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті