"Бүгінгі күнде әдістеме әзірленіп қойған, және де ол жақын арада бекітіледі",- деп мәлім етті З. Балиева.
"Біз бұл әдістемені әзірлеуде сараптама жасаумен айналысатын халықаралық ұйымдармен де келістік, ресейлік әріптестерімізбен де бірлесе жұмыс істедік. Бүгінде ол дайын",- деп қосты ол.
Сондай-ақ министр, "бүгінгі күнге дейін сот сараптама орталығы 1978 жылғы әдістемені - Илларионовтың көлік оқиғалары бойынша әдістемесін пайдаланып келді", деп атап өтті.
Жалпы, З. Балиеваның мәліметтеріне сүйенсек, Әділет министрілігі 2,5 жыл ішінде әртүрлі сараптама жүргізудің 96 әдістемесін әзірлеген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті