«Өткен жылғы заң шығару жұмыстарында 39 заң жобасын әзірлеу көзделген болатын. 2012 жылмен салыстырғанда заң жобалары санының өсімі 15 пайыз деңгейінде байқалуда. Ең бастысы - заң жобалау жұмыстарының мазмұндық бөлігі артты», - деді министр.
Б.Имашевтің мәлімдеуінше, өткен жылы Әділет министрлігі ел Парламентінің қарауына Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу, Қылмыстық атқару және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерді енгізді.
«2013 жылдың жоспары толық көлемде орындалды. Бұл Үкімет пен Парламенттің ұйымдасқан жұмысының арқасында мүмкін болды», - деді ол.