Әділет вице-министрінің ұлы Алматыда жол апатынан көз жұмды

Қалалық құқық қорғау орындарындағы ақпарат көзінің айтунша, Аян Аманбаев жексенбі күні болған апат кезінде мерт болған.

Бұған дейін хабарланғандай, Әл-Фараби даңғылымен келе жатқан «Лексус» автокөлігі жолдың шетіне шығып, жерасты өткелінің қоршауына соқтығысқан.
«Салдарынан 25 жастағы жүргізуші қыз бен оның жанындағы 27 жастағы жігіт оқиға орнында мерт болды», - деп атап өтті ақпарат көзі.