"Әділет" және "Ақ жол" демократиялық партиялары сайлау алындағы блокқа бірікті

"Демократия мен әділеттілікті ту еткен "Ақ жол" сайлау алындағы блогының басты мақсаты - конструктивті, ілгерішіл және жаңашыл демократиялық күштерді біріктіру, сондай-ақ, блоктан алдағы мәслихат сайлауына ұсынылатын үміткерлердің жеңісін қамтамасыз етуге бағытталған ортақ күшті үйлестіру болып табылады",- делінген екі партияның мәлімдемесінде.

"Әділет" партиясымен біздің интеграциямыз жаңа деңгейге көтерілді. Біз бұл орайда біріккен мақсат-ниеттерімізді жүзеге асыру бағытында бұдан басқа да қадамдарға баруымыз мүмкіндігін жоққа шығармаймыз",- деді Ә.Бәйменов. "Ақ жол" жетекшісі осы орайда "екі партияның алдағы парламент сайлауында бірігу мүмкіндігін де жоққа шығармады".


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті