"Әділетті Қазақстан үшін" қоғамдық қозғалысы ҚР әділет министрлігінің үстінен шағым түсірді

Мұндай шағым беруге "Әділетті Қазақстан үшін" қоғамдық қозғалысын әділет мекемелерінде тіркеуден кезекті мәрте бас тартылуы түрткі болған. "Біздің құжаттарды қайтару себебі біреу ғана: біз онда "қаржылық құралдар" деп жазып қойсақ керек, ал әділет министрлігі болса "ақша" деп жазуды талап етіп отыр",- деді Ж.Тұяқбай.

Осындай сылтаумен қозғалысты тіркеуден бас тартқан "әділет министрлігі іс жүзінде азаматтардың бірлестіктер құру еркіндігі туралы конституциялық құқығы мен "Қоғамдық бірлестіктер туралы" заңды бұзып отыр",- дейді қозғалыс жетекшілері.