"Әділетті Қазақстан үшін" қозғалысының өкілдері Шымкенттегі оқиғаға қатысты бейнематериалдарды ҚР Бас прокуратурасына табыстады

Ондағы мақсат - "Әділетті Қазақстан үшін" қозғалысының облыстық құрылтай конференциясын өткізбей тастаған ереуілшілердің қоғамдық тәртіпті бұзу оқиғасына көпе-көрнеу назар аудармай қойған тәртіп сақшыларының іс-әрекетінің заңдылығын анықтау болмақ.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2- мамырда "Әділетті Қазақстан үшін" қозғалысының Жармахан Тұяқбай, Алтынбек Сәрсенбаев және Болат Әбіловтың қатысуымен өткізілген облыстық құрылтай конференциясын ереуілшілер өткізбей тастады. Күндізгі сағат 12-де конференция өтуге тиіс "Турист" қонақүйіне екі автобус келіп жеткен. Автобуспен келген жастар шабуылға көшіп, күзетшілерді жапырып ішке өткен. Ереуілшілер оппозиция мүшелеріне ыдыс-аяқ, жиҺаз, тас немесе таяқ сынды заттарды лақтыра бастаған. Соның салдарынан "Әділетті Қазақстан үшін" қозғалысының жетекшілері оқиға орнынан қашып шығуға мәжбүр болады.