Әділқазылардың әділетсіз шешімі жерлесімізді Сочиде медальсіз қалдырды

Фристайлдан өткен жарысқа жиналған қазақстандық жанкүйерлер Юлия Галышева ең болмағанда қола медаль алар деп үміттенген. Бірінші айналымда да, ақтық сында да тәп-тәуір нәтиже көрсеткен-ді. Бірақ төрешілер Юлияны соңғы алтылыққа жібермеді. Команда өкілдері апелляцияға бергенімен, одан нәтиже шықпады. Сарапшылар Галышеваның жеңісі ұрланды деп дабыл қағуда. Сайыс басталғанда сүрініп кеткен американдық еш қателіксіз жылдам келген Юлияның алдын орап, 3 орынға көтерілген. Қазақстанның ендігі үміті мәнерлеп сырғанау шебері Денис Тен мен конькимен жүгіру шебері Денис Кузинде. Ал қазылардан көңілі қалған Юлия Галышева болса үлкен спорттан кетем деп бекініп отыр.


Юлия Галышева, фристайлшы :

-Менің де, Чехиялық спортшының да көрсеткен ойындарымыз әділ бағаланған жоқ. Көңілім қалды. Тіпті әлем елдерінен келген жаттықтырушылар да бірден наразылық білдірді.