Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы фейзбук Арман Аубакир мырзаның парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Абзал ағамыз кішкентай періштесінен айрылып қалғанын естіп санамыз сансырап, есеңгіреп қалғандай күй кешіп отырмыз. Сәуле апайымыз операция сәтті өтті дегенін оқып шын қуанып қалып едік. Ақ қағаздай пәк періштенің, кіп-кішкентай алтын қыздың тілеуін бүкіл xалық тілеп еді-ақ қой. Амал нешік?
Тас түйіндей бекем болыңыз, Әбеке, мықты болыңыз, қажырлы, сабырлы болыңыз Сәуле жеңгей...
"Тас түскен жеріне ауыр" дейді. Дегенмен, өзге балапандарыңызға саулық тілейміз. Кішкентай Айғанымның ғұмыры сіздермен бірге жасайды. Сол үшін де бар қиындықты еңсеруге тиіссіздер", деп қайғыра көңіл айтқан.
Абзал мырза! Қайғыңызға ортақпыз!