АЭФ аясында жалпы құны 1 млрд. доллар болатын 8 меморандумға қол қойылды


Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз хатшысы Қайсар Жұмабайұлы мәлім етті.

«Форум шеңберінде әлемнің ірі өнеркәсіптік компанияларымен жалпы құны 1 млрд. доллар болатын 8 меморандумға қол қойылды. Оның 5-еуі - өз бизнестерін қайта қаржыландыруға ниет танытқан Қазақстанда жұмыс жасап жүрген инвесторлар. Сондай-ақ форумда қазақстандық кәсіпкерлер ірі қаржылық институттармен, инвесторлармен, Жапония сауда компаниясымен және өзге де өкілдермен кездесті», - деп атап өтті ол.