АЭХА бас директоры Юкия Амано қайтыс болды

Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады.

"Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік хатшылығы Бас директор Юкия Аманоның қайтыс болғаны туралы хабарлайды", - делінген хабарламада.

Амано 2009 жылдан АЭХА басшылығына келген, оған дейін Жапонияның Агенттіктегі елшісі және тұрақты өкілі болды. Дипломат сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымында (БҰҰ) қызмет етті, 1972 жылдан бастап Жапонияның Сыртқы істер министрлігінде әртүрлі қызмет атқарды.

Қарусыздану және ядролық қаруды таратпау тақырыбына маманданған.