Аэрофлот және SCAT компанияларының кемшіліктері жайлы айтылды

"Әуе компанияның қызметіне жолаушылар жиі-жиі шағым түсіре бастағандықтан, Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы арқылы халықаралық рейстерді атқарушы барлық авиакомпаниялар өкілдерімен жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында "Аэрофлот", "Россия" өкілдері 2017 жылы 23 шілдеде жолаушылар жүгінің уақытылы жеткізілмеуін, "SCAT" компаниясы рейстердің уақытылы орындалмауын түсіндірді", — деп хабарлады министрлік. 

"Аэрофлот" өкілдігінің басшысы Владимир Кушниренко түсіндіргендей, ресейлік әуежайларда жүкті қабылдау жүйесінде ақау туындап, уақытылы жеткізілмеген, сол себепті авиакомпания ішкі тергеу жүргізіп, мұндай жайттарды болдырмау үшін шара қолданады. 

Жиналыс барысында "SCAT" авиакомпаниясы рейстерінің кешіктіріліп немесе болмай қалуы да қарастырылды.  Астана әуежайындағы "SCAT" авиакомпаниясы" АҚ филиалының директоры Ирина Лупундюк 2017 жылғы 14-16 шілдеде рейстердің болмай қалғанын айтып, оның себебін бірнеше ұшақтың жарамыз болғандығынан деп түсіндірді.