С.Тазиннің айтуынша, "қазіргі таңда Ресей Федерациясына электр қуатын сату уақытша тоқтатылған. Осыдан бір жыл бұрын қол қойылған келісім шартының мерзімі аяқталды". Осы орайда С.Тазин "КЕГОК" ААҚ тарапынан Ресей Федерациясына электр қуатын тасымалдаудың коммерциялық бағытын өзгерту туралы ұсыныс жасалғанын жеткізді. Бұған дейін электр қуаты Ресейге Омбы бағытында тасымалданып келген болатын. "Қазір біз осы мәселе бойынша КЕГОК-пен келіссөздер жүргізіп жатырмыз",- деді С.Тазин.
AES корпорациясы дүниежүзіндегі жетекші тәуелсіз энергетикалық компанияға саналады. Ол 5 құрлықтың 28 елінде жалпы құны 33 млрд. долларға бағаланған активке иелік етіп басқарады. Активтер құрамында 51 ГВт электр қуатын өндіретін 156 генерациялық компания бар. Сондай-ақ, компания 16 млн. тұтынушыны электр қуатымен қамтамасыз ететін электр таратушы 20 компанияға басқарушылық жасайды. AES корпорациясы өз кірісінің 47 процентін Солтүстік Америкада, 7 процентін Кариб өңірі елдерінде, 21 процентін Оңтүстік Америкада, 9 процентін Еуропа мен Африкада, 16 процентін Азияда табады.