А.Есімов: 2020 жылға дейін Алматыда апатты үйлер жойылады

«Бізде күрделі құрылыс деп аталатын кәсіпорын бар. Біз бастапқы кезеңде жарғылық капиталына қаржы берген едік. Қазіргі уақытта олар құрылыс жүргізуде, ескі үйлерді сүруде. Адамдар жаңа үйлерге қоныстануда», - деді А.Есімов.

Алматы әкімінің айтуынша, қаладағы қамысты қаңқалы ескі екі қабатты үйлер сүріліп, оның орнына 5-6 қабатты заманауи үйлер салынуда.  Ал баспанасы сүрілген азаматтардан артылған пәтерлер сатылуда.

«Біз жақсы қор құрдық. Оның арқасында бюджет қаржысына жүгінбестен біз 2020 жылға дейін Алматыдағы ескі үйлер проблемасын шешуге бағытталған бағдарлама әзірледік. Бұл өте үлкен бағдарлама және қазір оны қарқынды жүргізудеміз», - деді ол.

Оның атап өтуінше, бастапқы кезеңде  62 тұрғын үй салу жоспарланған. Бұл  3 мың отбасыға өздерінің тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.


«Бүгінгі күні 33  тұрғын үй сүрілді, 417 отбасы қоныс аударды. Жоғарыда атап өткенімдей, бұл жұмыстар жалғасатын болады», - деді қала басшысы.