Афины қаласында өткен математика олимпиадасында қазақстандық оқушылар екі алтын, екі қола жүлдені жеңіп алды

Халықаралық математика олимпиадасында жеңімпаз атанған оқушылар мыналар : Қуат Есенов - Павлодар мектебінің 11-сынып оқушысы- алтын медаль; Андрей Ким - Талдықорған орта мектебінің 9-сынып оқушысы- алтын медаль; Дамир Елеусізов - Алматы мектебінің 11-сынып оқушысы- қола медаль; Данияр Келбетов - Ақтөбе орта мектебінің 11-сынып оқушысы - қола медаль.

Математика олимпиадасын өткізуге Грекия білім министрлігі мұрындық болды. Шара мақсаты - дарынды балаларды қолдау, жаңа дарын иелерін анықтау, әр ел жастары арасында достық байланыс орнату болып табылады, дейді министрліктегілер.