Африкада қауіпті індеттен 1 мыңға жуық адам көз жұмды


Қатерлі дерт Либериядан бөлек ыстық құрлықтағы Гвинея, Сьерра-Леон және Нигерия елдерінде де тіркелуде. Қазір бұл жерлерде жаппай инфекцияға қарсы бактериялық тазарту шаралары жүргізіліп жатыр. Вирус небәрі бір жыл ішінде белгілі болған. Cондықтан оған қарсы ем әзірге табылған жоқ. Оның үстіне қымбат зерттеуге онсыз да тұрмысы нашар елдердің қаражаты да жетпейді. Амалы таусылған Либерия президенті Элен Джонсон-Серлиф медицинасы дамыған ауқатты мемлекеттерден шұғыл көмек сұрап отыр. Эбола – қан және ауа арқылы лезде тарайтын жұқпалы ауру. Қатерлі дерттен Ресейде де екі адамның қайтыс болғаны айтылуда.