Африкадан келген заңсыз мигранттар Қонаев қаласындағы құрылыстардың бірінде еңбек еткен

Елде болудың заңдылығын тексеру кезінде Африка елдерінен келген аталған шетелдіктердің Қазақстан Республикасының көші-қоны саласындағы заңнамасын бұза отырып, яғни болу құқығының мерзімі өткеніне (виза ) қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында болғаны анықталды. Жұмыс берушілерді анықтау және жауапкершілікке тарту жұмыстары жүргізілуде.