Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Асқар тауымыз едің - аласармадың Аспанға кеттің. Мәдиіңді ойлап мұң байладың. Сағиыңды сағынып сал шекпен жамылдың. Қатарыңнан жалғыз едің - соңдарынан кеттің. Қатарымнан жалғызбын - арттарында қалдым. Ағалық жасап арқамнан қақпадың - әлжуаздықтан сақтадың. Көкем болып, көңілімді өсірмедің - кішілігім кем боп жақпадым. Жерлес ретінде жығылғанымда жебемедің - өз күшіме сендірдің. Сүйеніш болмадың - жансірілікке үйреттің. Тірегім болмадың - табаным таймастай тағаладың. Белімді бумадың - бекемдікке баулыдың. Алдымда жүріп, адымымды ұзарттың. Соңыңда қалдырмадың - ізіңде жүргенімді сездің. Қатарымды тептің. Тізеңді батырдың - Мен кештім. Биіктігіңе парапар, Пенделігіңді көрдім - Өзің де кеш. Өкпеге қисам да, өлімгн қимадым. Сарыуайым - сағынышқп айналдың. Қош. Бақыл бол”, - деп жазды Тұңғышбай Жаманқұлов.