Агата Кристидің ескі шабаданнан табылған танамоншағы мен сақинасы 80 мың долларға сатылды

Bonhams сауда үйінің хабарлауынша, олардың бағалау құны 10 мың фунттан (16 мың доллар) асқан жоқ.

Зергерлік бұйымдар ағылшын жазушысының талантына табынған Дженифер Гранттың ескі шабаданынан табылды, оны ол 2006 жылы 100 фунтқа (160 доллар) сатып алған болатын.

Сатып алғаннан кейін Грант 4 жылға жуық уақыт оны ашпаған. Сандықты ашқан бойда ол алтын шақалар салынған әмианды, сондай-ақ үш бриллиантты сақинаны тауып алды, ол жөнінде Кристи өзінің ғұмырнамсында жазған болатын.

Айталық танамоншақ 27,5 мың фунтқа (44,2 мың доллар), сақина 21,8 мың фунтқа (35,1 мың  доллар) сатылды.


Bonamhs өкілі Кэрол Гордонның айтуынша, бұл зергерлік бұйымдардың табылуы тамаша оқиға болды.

Атақты ағылшын жазушысы Агата Кристи оқырмандарға өзінің шытырман романдарымен танымал. Оның кітаптары 4 млрд. данадан астам таралыммен әлемнің 100-ден астам тілдеріне аударылды.