Өз хаттарында олар көп жылдан бері салалық емес ұйымдардың иелігінде жүрген немесе бос тұрған бұрынғы балабақшалардың мекенжайларын атауда.
Мәселен, өзін Мара деп таныстырған бір хат авторы "Орбита-4" ықшамауданындағы "Leader" жеке меншік мектебінің жанында тағы бір бұрынғы балабақша бар екенін жазады.
Ал "Авторадио" ақпараттық қызметінің редакторы Сергей Шипулин өз хатында 2-ші ықшамауданда тағы да бұрынғы екі балабақша бар екенін хабарлайды.
Агенттік оқырмандар мен қалалық әкімдіктің жауапты тұлғаларын балабақшалар проблемасы бойынша диалогқа шақырады.