Бұл туралы прокуратура құжаттарына сілтеме жасай отырып АП агенттігі хабарлады.
Құжаттарға сүйенсек, марафонда іске қосылған жарылғыш заттардың құрылымы техникалық жағынан күрделі болып келеді. Сондықтан, прокурорлар оны жасауға өзге біреулер көмектескен болуы мүмкін деген болжам жасап отыр.
Царнаевтар бомба жасағанда шыршаға тағылатын шамдардың сымын, қашықтықтан басқарылатын ойыншық машиналардың детальдарын, от-шашулардың ішіндегі қара дәріні пайдаланған көрінеді.