Ағайынды Кличкоға бір-бірімен жекпе-жекке шығуы үшін 100 миллион доллар ұсынылды


«Виталий екеуімізден жекпе-жекке шықпайсыңдар ма деп талай мәрте  сұраған, бірақ біз анамызға ешқашанда олай істемейтінімізге уәде еттік. Ол бізге бокспен айналысуға тек осындай талап қоюмен рұқсатын берген», - деп жазады кіші Кличконың сөздерін NBC.

«Жігіттер, сендер тарихқа кіресіндер. Мен сендерді бай етпекшімін», - деді бізге Кинг. Алайда бұл жерде миллиардтың да көмегі тимейтін еді. Ақша - барлығы емес. Кейбір адамдар оны түсінбей, ақша арқылы барлығын шешуге болады деп есептейді. Ағайындылар арасында ешқандай жекпе-жектің болуы мүмкін де емес. Мен Виталийді өте қатты жақсы көремін», - деп қосып өтті Владимир Кличко.