Ағаш құлап кеткен ҚазҰУ студентіне ота жасалды

Алматыда ағаш құлап кеткен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студентіне ота жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Дәрігерлер консилиумы жиналды. Басындағы қанды ісікті алып тастау үшін ота жасалды. Ота ойдағыдай жасалып, қыз ауруханадан үйіне шығарылды", - деді 7-ші қалалық аурухананың баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, зардап шеккен қыздың тәтесі, қыз өзін жақсы сезінетінін және ешкімге наразылығы жоқ екенін айтқан. "7 қазанда ол ауруханадан шығарылған. Оның соттасатын ойы жоқ. Барлығы өз орнымен", - деді ол.

Еске салайық, 2016 жылдың 8 қыркүйегінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің маңында 18 жастағы 
қызға ағаш құлап кеткені
хабарланған болатын. Мөлдір Ержанова университеттен шығып, аялдама жаққа қарай жүрген, осы сәтте оның үстіне ағаш құлап кеткен еді. Студент қыз ауыр халде ауруханаға жеткізілген.