"2007-жылдың 1-шілдесіндегі жағдаймен еліміздегі бар астықтың экспорттық әлеуеті астық эквивалентімен есептелген ұнды қоса есептегенде 2007/2008 маркетингтік жылда 7,5 - 8 млн тоннаны құрайды", - деді Т. Ажғалиев.
Ауыл шаруашылық министрі Ахметжан Есімовтың алқа мәжілісінде хабарлағанындай, Қазақстан 2006 жылғы түсімнен 9 млн тонна астық экспорттаған. "Бұл Қазақстан үшін үлкен көрсеткіш",- деп атап көрсетті министр.
Сонымен қатар мекеме басшысы өткен жылғы өнімнің нақты қанша қалғандығын тексеруді тапсырды. "Кеше мен Ганның (Евгений Ган - Қазақстанның астық өңдеу және наубайшылар одағының президенті) хатын оқыдым. Ол, 2,7 млн тонна көлеміндегі қалдық астық өнімі түгелдей экспортқа жіберілгендігі туралы хабарлаған. Ол астықтың аз қалғандығы, ұн өндірушілердің 3 - 5 мың тонна көлеміндегі шағын партияларды еш жерде сатып ала алмай отырғандығы және осы жайттың нан бағасының күрт өсуіне әкеп соқтыратындығы туралы айтқан",- деді А. Есімов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті