Ағымдағы жылдың 5 айында еліміздің кен өндіру өнеркәсібі 4 триллион теңгенің өнімін өндірді

Бұл туралы бүүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан ASTANA MINING & METALLURGY атты 2-ші халықаралық тау-кен металлургия конгресінің «Тау-кен металлургиялық салаларды мемлекеттік реттеу: тиімді тәсілдер және оң тәжірибелер» тақырыбында өткен сессиясында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау мәлім етті.

Қазіргі уақытта тау-кен металлургиялық кешеннің еліміздегі жетекші салалардың біріне айналып, ішкі жалпы өнімнің 7 пайызын, өнеркәсіптік өндірістің 17 пайызын құрап отырғандығын айта келе: «Ағымдағы жылдың 5 айында еліміздің кен өндіру өнеркәсібі 4 триллион теңгенің өнімін өндірді. Бұл өткен жылға қарағанда 102 пайызға көп», - деді ол.

Вице-министрдің атап өтуінше, кешен бойынша физикалық көлем индексі толықтай алғанда 112 пайызды құрайды.