"Қазірде парламенттің қоржынында үкіметтің бастамасымен жасалған 20 астам заң жобасы бар. 2007-жылға арналған үкіметтің заң жобасын жасау жұмыстарының жоспарына сәйкес, парламентке 43 заң жобасы енгізілуге тиіс", - деді Қ. Тоқаев. "Алда ауқымды заң шығару жұмыстары тұр", - деді ол.
Сенат спикерінің айтуынша, "жылдың аяғына дейін жалпыхалықтық маңызы бар екі кодекстің - "Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" және "Неке және отбасы туралы" кодекстердің жобасы енгізілуге тиіс". Парламент бұған қоса "мемлекет басшысының жолдауын жүзеге асыруға бағытталған заң жобалары : әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау, денешынықтыру және спорт, кітапхана ісі, жеке кәсіпкерлік, мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттілік аясын шектеу секілді салалардағы қарым-қатынастарды реттейтін заң жобаларын қарауға тиіс".