Ағымдағы жылдың қаңтар- маусым айларында инфляция деңгейі өткен жылдың желтоқсан айына шаққанда 5,7% құрады - Сұлтанов

"Ағымдағы жылдың қаңтар- маусым айларында инфляция деңгейі өткен жылдың желтоқсан айына шаққанда 5,7% құрады, бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 1,1 проценттік пунктке жоғары. Шілде айында инфляция өсімі 0,9% болды", - деді Б. Сұлтанов.

Оның айтуынша, азық-түлік пен энергетикалық тауарлардың әлемдік бағасының өсе түсуі, шекаралас мемлекеттер тарапынан инфляциялық қысымның сақталып отырыуы мен ішкі факторлар Қазақстандағы инфляцияға одан әрі ықпалын тигізуде.

"Үкімет Ұлттық банкпен және жергілікті атқарушы билік органдарымен бірлесе инфляцияны жыл бойынша 10%-дан аспайтын деңгейде ұстап тұруға шаралар қолдануда", - деді министр.

Инфляцияға қарсы кешенді саясаттың шеңберінде бірқатар бағыттарда шаралар қолданылды. "Атап айтсақ, барлық өңірлерде астықтың және әлеуметтік маңызы бар өнімдердің тұрақтандыру қорларын құруға шешім қабылданды. Халықты әлеуметтік қорғау мақсатында үкімет табиғи монополия субьектілерінің тарифтерін тежеуге де барды", - деді Б. Сұлтанов.