Ағымдағы жылдың қыркүйегінде нақты жалақы 15,3%-ке өсті

Ағымдағы жылдың қыркүйегінде атаулы жалақының өсуі өткен жылдың тиісті айына қатысты экономикалық қызметтің барлық түрлерінде байқалды. Денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлердің еңбек ақысы - 31,9%, ауыл және орман шаруашылығындағы қызметкерлердікі - 29,4%, білім беру саласындағы қызметкерлердікі - 27,1%, құрылыстағы қызметкерлердікі - 24,5%, көлік және байланыстағы қызметкерлердің еңбек ақысы - 22,2%, өнеркәсіптегі қызметкерлердікі - 17,8% және сауда саласындағы қызметкерлердікі - 14,2% өсті.

Ағымдағы жылдың қыркүйегінде қаржы қызметіндегі қызметкерлердің жалақысы - 70784 теңге болып, ол ел бойынша орташа республикалық деңгейден 2 есе асты, кен өндіру өнеркәсібіндегі қызметкерлердікі - тиісінше, 66992 теңге және 1,9 есе, көлік және байланыстағы қызметкерлердікі - 48663 теңге және 1,4 есе, қонақ үй және мейрамхана саласындағы қызметкерлердікі - 44695 теңге және 1,3 есе. Білім беру саласында еңбек ақы 22732 теңгені құрады, бұл республика бойынша орташа алғандағы еңбек ақыдан 35,7% төмен, денсаулық сақтауда - тиісінше, 19775 теңге және 44,1% төмен. Ең төмен жалақы ауыл шаруашылығындағы қызметкерлерде - 20242 теңге.
Өнеркәсіп салалары арасында ең жоғары жалақы алатын қызметкерлер, бұрынғысынша темекі өндірісінің қызметкерлері, олардың жалақысы ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйегінде 110 мың теңгеден асты (сала бойынша орташа алынған жалақыдан 2,8 есе көп), шикі мұнай мен табиғи газ өндіруде - 109 мың теңге (2,8 есе), кокс, мұнай өнімдерін өндіруде - 55 мың теңге (1,4 есе). Тоқыма өндірісінде және сүрек өндіруде ол 16 мыңнан 22 мың теңгеге дейін құрады, бұл тұтастай өнеркәсіп бойынша қалыптасқан орташа республикалық деңгейдің 42-57% ғана.
Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйегінде еркектердің орташа жалақысы 39297 теңгені құрады немесе әйелдердің жалақысына қарағанда (24051 теңге) 1,6 есе жоғары болды.
Республика өңірлері арасындағы ең жоғары жалақы Маңғыстау (65969 теңге) және Атырау (66785 теңге) облыстарында сақталып отыр, бұл ел бойынша орташа жалақыдан 1,9 есе жоғары. Орташа республикалық көрсеткіштен (29%-ға) төмен еңбек ақы Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында, оның мұндағы шамасы - тиісінше, 24750 теңге және 25598 теңге.